You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Loading...

10.07.2020

ДМТУде ENTER жобасының кезекті онлайн кездесуі және ENTER сапа стандарттарына арналған сарапшылар тренингі өтті


2020 жылдың 30 маусымнан 3 шілдеге дейін Zoom платформасында ENTER сапасын басқару стандарттарына арналған «ENTER инженерлік пәндер оқытушыларының педагогикалық дайындығы» жобасының екінші онлайн жиыны өтті. Кездесудің ұйымдастырушылары Дон мемлекеттік техникалық университеті мен Болондық клуб. Ашылу салтанаты кезінде ENTER жобасының қатысушыларын ДМТУ ректоры Б.Ч.Месхи, Болондық клубтың президенті С.В.Шведова және ДМТУ халықаралық стратегиялық бастамалар басқармасы басшысы Л.Д.Гурцкой құттықтады.
Пленарлық отырыс барысында профессор Жозе карлос Квадрадо (Порту политехникалық институты, Португалия) баяндама жасады. Баяндамасында ENTER сапа стандарттарын және қосымша білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейде аккредитациядан өткізу жоспарымен таныстырды. Инженерлік пәндер оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары ENTER сапа белгісін алатын болады.
CDIO басты құралдары бойынша CDIO бастамалыры бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі Йенс Беннедсен баяндама жасады. Профессор Беннедсен қатысушылардың назарын CDIO қағидалары инженерлік білім беру бағдарламаларын әзірлеуде және жүзеге асыруда үлкен маңызға ие екендігіне аударды.
Ашылу салтанаты мен профессор Квадрадо мен профессор Беннедсеннің баяндамаларын Youtube (https://youtu.be/0i60hXXitFQ) арнасынан көре аласыздар.
Жоба қатысушылары төрт күн ішінде ENTER сапа стандарттарын, мазмұнын, методологиясын, оқыту әдістерін және қорытындыларын талқылады. Eur-ACE сарапшыларына арнайы тренинг ұйымдастырылды. Сарапшылар QMS ENTER стандарттарымен танысып, оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларының сапасына талдау жасауға қажетті құжаттар топтамасын талқылады.
ENTER жобасының қатысушылары бірінші күні Дон мемлекеттік техникалық университетімен танысып, факультет декандарымен интерактивті кездесулер өткізді. Қаланың тарихи орындарына жасалған онлайн экскурсия және «Minecraft» виртуалды онлайн ойыны алаңында университет бойынша экскурсия қонақтардың ықыласына бөленді.
ENTER жобасының келесі онлайн кездесуі 2020 жылдың 21-22 қыркүйекте Таллинде өтеді.