You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Loading...

05.05.2020

Халықаралық ENTER онлайн-конференциясы (Братиславадағы кездесу) сәтті өтті


Болгария, Беларусь, Түркия, Австрия, Украина, Германия, Чехия елдеріндегі ENTER жобалық консорциумының және басқа да мүдделі университеттердің өкілдері онлайн конференцияға қатысты (Братислава, 22-23 сәуір, 2020) және де ЖОО - инженерлік мамандықтардың оқытушыларына арналған 14 біліктілікті арттыру бағдарламаларын талқылап бекітті, олар iPET желілік бағдарламасының 1, 2 және 3 модульдерінің бөлігі болып табылады.

Екі күндік онлайн-конференцияға 100-ден астам тұлғалар пікірталасқа қатысып өз ойларымен бөлісуге мүмкіндіктері болды, сұрақтар қойып, ұсынылған оқу бағдарламасын жақсарту бойынша ескертулер мен ұсыныстар айта алды. IPET модульдерінің мазмұны бойынша семинардан басқа, 2-жұмыс пакетін іске асыру аясында ENTER консорциумының мүшелері үшін қосымша отырыстар өткізілді (ENTER Координация кеңесінің отырысы), бұл отырыс 3, 4 және 5-ші жұмыс пакеттерінің ағымдағы және болашақтағы мақсаттарын талқылады. Осы кездесулердің аясында, серіктестер, ENTER жобасының барлық міндеттері уақытында орындалатынын растады.

Бұл онлайн режиміндегі ENTER жобасының алғашқы іс-шарасы болса да, өте сәтті және нәтижелі өтті. Онлайн форматта инженерлік білім беру саласындағы оқытушылардың біліктілігін арттыру мүмкіндігі жобалық өтініш беру кезеңінде қарастырылып, тәжірибеде сыналды, серіктестер өздерінің кең ой өрістерімен бөлісіп, білім беру саласын жаңа сынақтарға бейімдеуге дайын екендігін көрсетті. ENTER жобасының келесі кездесуі Ростов-на-Дону қаласында (Ресей) онлайн режимінде 2020 жылдың шілде айында өтеді.