You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Loading...

15.04.2020

2020 жылдың 22 мен 23 сәуір аралығында өтетін жаңа онлайн режиміндегі ENTER жобасының пікір - талас отырысы


Коронавирустың таралуына, жаппай іс-шараларға шектеулердің енгізілуіне, әуе сапарларының тоқтатылуына және елдер арасындағы шекаралардың жабылуына байланысты әлемдегі күрделі эпидемиологиялық және тұрақсыз жағдай халықаралық іс-шараларға, оның ішінде Эразмус + бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыруға айтарлықтай әсерін тигізді.

Қиындықтарға қарамастан, ENTER жобасының координаторы мен консорциумы жұмыс амалдары мен форматын бейімдей отырып, мақсаттарды іске асыру үшін жұмысты жалғастыруға бет бұрды.

Жобаның келесі кездесуі күндізгі форматта Братиславада 2020 жылдың сәуір айында Дубница технологиялық институтында жоспарланған болатын.

Еуропада, Ресейде және Қазақстанда жүргізілген карантиндік шараларға байланысты бұл формат өзекті болмай қалды. Осыған байланысты жоба консорциумы жоспарланған іс-шаралар бағдарламасын бейімдеп, жобалық жиналыстан бас тартпай, оны толығымен онлайн режимінде өткізуге шешім қабылдады. Бұл барлық серіктестер үшін жаңа тәжірибе, бірақ бүгінгі таңда университеттер білім беру процесінде және халықаралық жобалар бойынша міндеттемелерді орындау үшін заманауи технологияларға тез бейімделуге және қолдануға дайын.

Жобалық жиналыс өткізудің жаңа форматтың, айқын шектеулері болғанымен, жаңа мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Іс-шараға қатысу үшін сапарды жоспарлаудың және жол шығындарын өтеудің қажеттілігі туындамағанын ескере отырып, онлайн режимінде жиналысқа серіктес ұйымдар, жоғары оқу орындарының сарапшылар саны шексіз қатыса алады.

Алдағы іс-шараның негізгі тақырыбы - инженерлік пәндер оқытушыларына арналған iPET желілік біліктілікті арттыру бағдарлама модульдерінің жұмыс бағдарламаларын талқылау. Жоба бойынша серіктестер iPET желілік бағдарламасының 1,2 және 3 модулдеріне негіз болған 14 жұмыс бағдарламасын ұсынады. Онлайн-кездесудің барлық қатысушылары пікірталасқа қатысып, сұрақтарын қоюға және үздіксіз білім беру мен біліктілікті арттыру курстарының әзірленген жұмыс бағдарламаларын жақсартуға ұсыныстар бере алады.

Онлайн жиналыстардың жұмыс тілдері: ағылшын және орыс.

1) сілтемені басу арқылы мәліметтеріңізді қатысушылар тізіміне енгізіңіз
Кіру
Sign in


2) ZOOM платформасында ашылатын онлайн жиналысқа кіру үшін іс-шараның бағдарламасында көрсетілген сілтемелерді басыңыз

Іс-шара бағдарламасы:
Agenda_Online_meeting_ENTER.pdf