You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Loading...

Жобаның мақсаты мен міндеттері

ENTER жобасының негізгі мақсаты - халықаралық желілік ынтымақтастық негізінде инженерлік пәндер оқытушыларының педагогикалық даярлауының көп деңгейлі модульдік жүйесін құру болып табылады. Жобаның жеті мақсаты анықталған:

  1. инженерлік пәндердің жоғары білікті оқытушыларын даярлаудың тиімді әдістерін жасаудағы еуропалық тәжірибені талдау;
  2. электронды оқыту сияқты заманауи оқыту технологияларын қолдануды қарастыратын ауыспалы модульдер жиынтығынан тұратын инженерлік пәндердің (бастауыш, негізгі, алдыңғы деңгей) оқытушыларын даярлаудың үш бағдарламасын әзірлеу;
  3. инженерлік педагогикада индивидуалды білім беру траекториясын құру технологиясын өңдеу;
  4. білім беру модульдерін енгізу және жоба нәтижелерін тарату үшін өзара әрекеттестіктің желілік модельдерін жасау;
  5. желілік ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу;
  6. инженерлік пәндер оқытушыларының кәсіби құзіреттілігін бағалау критерийлерін және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу;
  7. пилоттық бағдарламаларды іске асыру нәтижелерін бағалау.

Жобаның сипаттамасы

ENTER жобасын іске асыру барысында, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру аясында инженерлік пәндер оқытушыларының кәсіби және педагогикалық дайындығына мәдениаралық қатынас пен халықаралық ынтымақтастық принциптеріне негізделген инновациялық тәсіл жасалады. Бұл тәсіл электронды оқыту технологияларын барынша тиімді пайдаланып, аз қаржылық шығындар мен пайдаланудың ыңғайлығымен сипатталады. Сонымен қатар, оның халықаралық мойындау мен аккредитациядан өту мүмкіндігі бар. Қолданыстағы аналогиямен салыстырғанда, ENTER жобалық тәсілі индивидуалды білім беру траекторияларын пайдалану және ЖОО мен оқытушылардың қажеттіліктеріне инженерлік-педагогикалық оқытуды бейімдеу мүмкіндіктерін кеңейтеді (мысалы, ұлттық немесе аймақтық деңгейде), сонымен қатар инженерияның әр түрлі салаларында оқытушыларды даярлауда қолдануға болады.

  • Жоғары оқу орындары мен оқытушылардың қажеттіліктеріне (мысалы, бағаның төмендігі, ыңғайлылық, өзара тану, сапаны тәуелсіз бағалау, бейімдеу) желілік сипатына және басымдығына байланысты, ENTER тәсілі педагогикалық және кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламаларында қайта даярлаудан өткен инженерлік пәндер оқытушыларының санын едәуір арттыруға бағытталған.
  • Жобаның нәтижелері алдымен ENTER консорциумына қатысатын мүше ЖОО-ға, кейіннен ЕО-ның басқа университеттерінде инженерлік білімнің сапасына айтарлықтай әсер етеді.
  • ENTER жобасының басқару моделі мен мақсаттары ашықтық және жетілдіру принциптеріне негізделген. Жаңа серіктестерді еркін тарту және сапаны қатаң бақылауды қамтамасыз ететін механизм жасалады.
  • I-PET бағдарламасын аккредиттеу де жобаның мақсаттарының бірі болып табылады.

I-PET бағдарламасы

Консорциумның негізгі мақсаты - халықаралық желілік ынтымақтастық негізінде инженерлік пәндер оқытушыларының педагогикалық дайындығының көп деңгейлі модульдік жүйесін дамыту.

ENTER жобасында жасалған iPET инженерлік пәндер оқытушыларын даярлау бағдарламасы үш деңгейлі иерархиялық құрылымға ие және өмір бойы оқуға арналған біліктіліктің Еуропалық шеңбер талаптарына сәйкес келеді. Іс жүзінде бұл құрылым шартты атаумен әр түрлі мазмұндағы және ұзақтығы бар 3 білім беру бағдарламаларын қарастырады:

  • iPET-1 – біліктілікті арттыру туралы куәлік берілетін, қысқа мерзімді курстар (шамамен 2 ECTS);
  • iPET-2 – кәсіптік қайта даярлау бағдарламасы (шамамен 8 ECTS) «Жоғары білім беру саласының оқытушысы» дипломы беріледі;
  • iPET-3 – халықаралық деңгейде танылған және «Инженер-оқытушы» халықаралық біліктілігін беруді қарастыратын толық білім беру бағдарламасы (шамамен 20 ECTS).

Бағдарламаның модульдік құрылымы бойынша iPET-1 модульдері iPET-2 құрамына, содан кейін екі бағдарламаның да модульдері iPET-3 құрамына кіреді. Осылайша, оқытушыларлың өзін-өзі дамытуының тұрақты траекториясы қамтамасыз етіліп, олар өз біліктіліктерін арттырудың траекторияларын өздері таңдай алады. Оқытушылар ENTER желісіне қатысатын әр түрлі университеттердің ішінен таңдап, модульдерді біріктіру мүмкіндігі бар.